Kaspersky Security Center Басқару сервері мен Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасын орналастыру схемасы

2024 ж. 7 ақпан

ID 166137

Келесі суретте Kaspersky Security Center Басқару сервері мен Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасын орналастыру схемасы келтірілген.

Әкімшінің жұмыс станциясы Басқару серверімен Web Console сервері арқылы өзара әрекеттеседі. "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын басқаруға арналған плагиндер Web Console серверімен өзара әрекеттеседі.

Kaspersky Security Center Басқару сервері мен Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасын орналастыру схемасы

Қорғалатын құрылғыларда орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын басқару плагиндерін (әр бағдарлама үшін бөлек плагин) орналастыру Kaspersky Security Center Web Console серверін орналастырумен бір мезгілде жүзеге асырылады.

Әкімші ретінде, сіз Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасына өзіңіздің жұмыс станцияңыздың браузері арқылы қатынаса аласыз.

Сіз Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасында белгілі бір әрекеттерді орындаған кезде, Kaspersky Security Center Web Console сервері Kaspersky Security Center Басқару серверімен OpenAPI арқылы өзара әрекеттеседі. Kaspersky Security Center Web Console сервері Kaspersky Security Center Басқару серверінен қажетті деректерді сұрайды және Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасында сіздің әрекеттеріңіздің нәтижелерін көрсетеді.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.