Аномалияларды бейімделумен басқару ережесіне ерекшеліктер қосу

2024 ж. 29 наурыз

ID 173182

Ерекшелікті қосу шебері Kaspersky Endpoint Security үшін Аномалияларды бейімделумен басқару ережелерінен ерекшеліктерді қосуға мүмкіндік береді.

Төмендегі тәсілдердің бірін пайдаланып, шеберді іске қосуға болады.

Аномалияларды бейімделумен басқару қалтасындағы ерекшелікті қосу шеберін іске қосу үшін:

  1. Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
  2. Смарт оқыту күйіндегі ережелерді іске қосу ішкі қалтасын таңдаңыз (әдепкі бойынша ол Кеңейтілген → Қоймалар қалтасында орналасқан).
  3. Жұмыс аймағында нысанның (немесе бірнеше нысанның) контекстік мәзіріндегі анықтау тізімінен Ерекшеліктерге қосу тармағын таңдаңыз.

    Бір уақытта 1000-ға дейін ерекшелік қосуға болады. Егер сіз көбірек элементтерді таңдап, оларды ерекшеліктерге қосуға тырыссаңыз, қате туралы хабар пайда болады.

Нәтижесінде, ерекшелікті қосу шебері іске қосылады.

Консоль ағашындағы басқа түйіндерден ерекшелікті қосу шеберін іске қосу үшін:

  • Басқару серверінің негізгі терезесінің Оқиғалар қойыншасын ашып, Пайдаланушылардың сұраулары немесе Соңғы оқиғалар тармағын таңдаңыз.
  • Аномалияларды бейімделумен басқару ережелерінің күйі туралы есеп терезесінде Анықтамалар саны бағанын таңдаңыз.

Бұл бөлімде:

1-қадам. Бағдарламаны лицензиялау

2-қадам. Саясатты (саясаттарды) таңдау

3-қадам. Саясатты (саясаттарды) өңдеу

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.