Саясат профилін көшіру
Саясат профилін ағымдағы саясатқа немесе басқа саясатқа көшіруге болады, мысалы, әртүрлі саясаттар үшін бірдей саясат профильдеріне ие болғыңыз келсе. Сондай-ақ, егер сіз параметрлердің аз санымен ерекшеленетін екі немесе одан да көп саясат профиліне ие болғыңыз келсе, көшіруді пайдалана аласыз.
Саясат профилін көшіру үшін:
- Таңдалған саясат профильдері тізіміне өтіңіз.
Саясат профильдері тізімі ашылады. Саясатта саясат профильдері болмаса, бос кесте көрсетіледі.
- Саясат профильдері қойыншасында көшіру қажет болған профильді таңдаңыз.
- Көшіру түймесін басыңыз.
- Ашылған терезеде саясат профилін көшіру қажет болған саясатты таңдаңыз.
Саясат профилін сол саясатқа немесе сіз таңдаған саясатқа көшіруге болады.
- Көшіру түймесін басыңыз.
Саясат профилі сіз таңдаған саясатқа көшірілді. Жаңа көшірілген саясат профилі ең төменгі басымдыққа ие. Сіз саясат профилін сол саясатқа көшірген болсаңыз, осындай профильдің атауына түрдің жалғауы (<реттік нөмір>) қосылады, мысалы: (1), (2).
Кейінірек, саясат профилінің параметрлерін, оның аты мен басымдылығын өзгертуге болады. Бұл жағдайда, бастапқы саясат профилі өзгертілмейді.