IP ауқымын қосу және өзгерту

2024 ж. 7 ақпан

ID 176003

Барлығын жаю | Барлығын жию

Бастапқыда Kaspersky Security Center бағдарламасы өзі орнатылған құрылғының желілік параметрлерінен сауалнама өткізу үшін IP ауқымдарын алады. Құрылғы мекенжайы 192.168.0.1, ал ішкі желі бүркеніші 255.255.255.0 болса, онда Kaspersky Security Center бағдарламасы автоматты түрде 192.168.0.0/24 желісін сауалнамаға арналған мекенжайлар тізіміне қосады. Kaspersky Security Center бағдарламасы 192.168.0.1 және 192.168.0.254 аралығындағы барлық мекенжайларда сауалнама өткізеді. Сіз автоматты түрде анықталған IP ауқымдарын өзгерте аласыз немесе өзіндік IP ауқымдарын қоса аласыз.

Ауқымды IPv4 мекенжайлары үшін ғана жасай аласыз. Zeroconf сауалнамасын қоссаңыз, Kaspersky Security Center бағдарламасы бүкіл желіде сауалнама өткізетін болады.

Жаңа IP ауқымын қосу үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыруТабуIP ауқымдары бөліміне өтіңіз.
  2. IP ауқымын қосу үшін Қосу түймесін басыңыз.
  3. Ашылған терезеде келесі параметрлерді конфигурациялаңыз:
    • IP ауқым атауы
    • IP аралығы немесе мекенжайы және ішкі желі бүркеніші
    • IP мекенжайының қызмет мерзімі (сағат)
  4. Егер сіз ішкі желіде немесе сіз көрсеткен аралықта сауалнама өткізгіңіз келсе, IP ауқымы бойынша сауалнама өткізуді қосу тармағын таңдаңыз. Әйтпесе, сіз қосқан ішкі желі немесе аралықта сауалнама өткізілмейді.
  5. Сақтау түймесін басыңыз.

IP ауқымы IP ауқымдарының тізіміне қосылды.

Сауалнаманы бастау түймесін пайдаланып, әр IP ауқымы үшін бөлек сауалнама жүргізе аласыз. Сауалнама аяқталғаннан кейін, Құрылғылар түймесін басып, анықталған құрылғылар тізімін қарап шыға аласыз. Әдепкі бойынша, сауалнама нәтижелерінің жарамдылық мерзімі 24 сағатты құрайды және IP мекенжайының әрекет ету уақытына тең келеді.

Қолданыстағы IP ауқымына ішкі желіні қосу үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыруТабуIP ауқымдары бөліміне өтіңіз.
  2. Ішкі желіні қосқыңыз келетін IP ауқымының атауын басыңыз.
  3. Пайда болған терезеде Қосу түймесін басыңыз.
  4. Ішкі желіні оның мекенжайы мен бүркеніші арқылы немесе IP ауқымындағы бірінші және соңғы IP мекенжайларын белгілеу арқылы көрсетіңіз. Не болмаса, Шолу түймесін басып, қолданыстағы ішкі желіні қосыңыз.
  5. Сақтау түймесін басыңыз.

    Ішкі желі IP ауқымына қосылған.

  6. Сақтау түймесін басыңыз.

IP ауқымы параметрлері сақталған.

Ішкі желілердің қалаған санын қоса аласыз. Аталған IP ауқымдары бір-бірімен қиылыспауы керек, бірақ IP ауқымдары ішіндегі атаусыз ішкі желілерге бұл шектеу қолданылмайды. Әрбір IP ауқымы үшін сауалнаманы дербес түрде қосуға немесе өшіруге болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.