Желілік экранды қорғайтын желілер тізімін тексеру

2024 ж. 29 наурыз

ID 179919

Kaspersky Endpoint Security for Windows желілік экраны барлық желілеріңізді қорғайтынына көз жеткізіңіз. Әдепкі бойынша желілік экран келесі қосылым түрлері бар желілерді қорғайды:

  • Жалпыға ортақ желі. Антивирустық бағдарламалар, желілік экрандар немесе сүзгілер мұндай желідегі құрылғыларды қорғамайды.
  • Жергілікті желі. Бұл желідегі құрылғылар үшін файлдар мен принтерлерге қатынас шектеулі.
  • Сенімді желі. Мұндай желідегі құрылғылар шабуылдардан және файлдар мен деректерге рұқсатсыз кіруден қорғалған.

Егер сіз пайдаланушы желісін орнатқан болсаңыз, оны желілік экран қорғайтынына көз жеткізіңіз. Ол үшін Kaspersky Endpoint Security for Windows саясатының сипаттарындағы желілер тізімін тексеріңіз. Тізімде кейбір желілер көрсетілмеуі мүмкін.

Желілік экран туралы көбірек білу үшін Kaspersky Endpoint Security for Windows құжаттамасын қараңыз.

Желілер тізімін тексеру үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Саясат және профильдер бөліміне өтіңіз.
  2. Kaspersky Endpoint Security for Windows саясатын басыңыз.

    Таңдалған саясаттың сипаттар терезесі ашылады.

  3. Саясат сипаттарында Бағдарлама параметрлеріБазалық қорғанысЖелілік экран бөліміне өтіңіз.
  4. Қолжетімді желілер блогында Желі параметрлері сілтемесінен өтіңіз.

    Желілік қосылымдар терезесі көрсетіледі. Бұл терезеде желілер тізімі көрсетіледі.

  5. Егер тізімде желі болмаса, оны қосыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.