3-қадам. Бұлтты ортаны таңдау және түпнұсқалық растама
Бұл бөлімде тек Kaspersky Security Center 12.1 және одан жоғары нұсқасының бағдарламасына қолданылатын функциялар сипатталған.
Келесі параметрлерді белгілеңіз:
Сіз көрсеткен бұлтты ортада түпнұсқалық растама алу үшін есептік деректеріңізді енгізіңіз.
AWS
Бұлттық сегмент түрі ретінде AWS таңдасаңыз, бұлттық сегментте одан әрі сауалнама жүргізу үшін IAM рөлі немесе AWS IAM қатынас кілті керек болады.
- EC2 үлгісіне тағайындалған AWS IAM рөлі
Басқару сервері үшін Қажетті құқықтары бар IAM рөлі бар болса, осы параметрді таңдаңыз.
- AWS IAM пайдаланушысы
Сізде AWS IAM қатынас кілті бар болса, осы параметрді таңдаңыз. Кілт деректеріңізді енгізіңіз:
- Қатынас кілтінің идентификаторы
- Құпия кілт
Енгізген құпиясөзді қарау үшін Көрсету түймесін басып тұрыңыз.
Azure
Бұлттық сегмент түрі ретінде Azure таңдасаңыз, бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу үшін келесі қосылым параметрлерін көрсетіңіз:
- Azure бағдарламасының идентификаторы
- Azure жазылым идентификаторы
- Azure бағдарлама құпиясөзі
Енгізген құпиясөзді қарау үшін Көрсету түймесін басып тұрыңыз.
- Azure сақтау орнының есептік жазба атауы
- Azure сақтау орнының қатынас кілті
Енгізген құпиясөзді қарау үшін Көрсету түймесін басып тұрыңыз.
Google Cloud
Бұлттық сегмент түрі ретінде Google Cloud таңдасаңыз, бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу үшін келесі қосылым параметрлерін көрсетіңіз:
- Клиенттің электрондық пошта мекенжайы
- Жоба идентификаторы
- Жеке кілт
Енгізген құпиясөзді қарау үшін Көрсету түймесін басып тұрыңыз.
Көрсетілген қосылым бағдарлама параметрлерінде сақталады.
Бұлтты ортаны конфигурациялау шебері тек бір сегментті көрсетуге мүмкіндік береді. Алдағыда, сіз басқа бұлттық сегменттерді басқару үшін басқа қосылымдарды да көрсете аласыз.
Жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.