Kaspersky Security Center Web Console арқылы сауалнама өткізу кестесін конфигурациялау
Kaspersky Security Center Web Console арқылы сауалнама өткізу кестесін конфигурациялау
Бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу кесте бойынша орындалады. Сіз сауалнама жүргізілетін жиілікті орната аласыз.
Бұлтты ортаны конфигурациялау шеберінің параметрлерінде сауалнама өткізу жиілігі автоматты түрде орнатылады – 5 минутта бір рет. Сіз бұл мәнді кез келген уақытта өзгерте аласыз және басқа кестені белгілей аласыз. Сауалнаманы 5 минутта бір реттен жиі жүргізу ұсынылмайды, себебі бұл API жұмысында қателерге әкелуі мүмкін.
Бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу кестесін конфигурациялау үшін:
- Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыру → Табу → Бұлт бөліміне өтіңіз.
- Пайда болған терезеде Сипаттар түймесін басыңыз.
- Ашылған Параметрлер терезесінде сауалнама өткізу кестесін конфигурациялағыңыз келетін сегмент атауын басыңыз.
Бұлттық сегмент параметрлері терезесі ашылады.
- Бұлттық сегмент параметрлері терезесінде Сауалнама кестесін орнату түймесін басыңыз.
Кесте терезесі ашылады.
- Кесте терезесінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
- Кесте бойынша іске қосу
Сауалнама кестесінің нұсқалары:
- Іске қосу аралығы (мин)
- Мына сәттен басталады
- Өткізіп алынған тапсырмаларды іске қосу
- Кесте бойынша іске қосу
- Өзгерістерді сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.
Сегмент үшін сауалнама өткізу кестесі конфигурацияланды және сақталды.
Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.