Kaspersky Security Center бағдарламасының Yandex.Cloud ортасындағы жұмыс схемасы

2024 ж. 29 наурыз

ID 204251

Kaspersky Security Center бағдарламасын Yandex.Cloud бұлтты ортасында орналастыра аласыз. Тек пайдалану фактісі бойынша төлем режимі қолжетімді; бұлтты дерекқорларға қолдау көрсетілмейді.

Yandex.Cloud бұлтты ортасында кезесі қауіпсіздік бағдарламаларын орналастыру тәсілдері қолжетімді:

  • Kaspersky Security Center меншікті құралдары көмегімен, яғни Қашықтан орнату тапсырмасын қолдану арқылы (қауіпсіздік бағдарламаларын орналастыру Басқару сервері мен қорғалатын виртуалды машиналар желінің бір сегментінде болған жағдайда ғана мүмкін болады).
  • Орналастыру скрипттері көмегімен.

Kaspersky Security Center бағдарламасын Yandex.Cloud бұлтты ортасында орналастыру үшін сізде Yandex.Cloud есептік жазбасы болуы керек. Сіз осы есептік жазбаға marketplace.meteringAgent рұқсатын беріп, осы есептік жазбаны виртуалды машинамен байланыстыруыңыз керек (толық ақпарат https://cloud.yandex.ru бетінде).

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.