2-қадам. Кластерге орнату түрін таңдау

2024 ж. 29 наурыз

ID 205038

Кластерге орнату түрін таңдаңыз:

  • Кластер (кластердің барлық түйіндерінде орнату)

    Осы параметрді таңдау ұсынылады. Осы параметрді таңдасаңыз, Басқару сервері кластердің барлық түйіндерінде бір уақытта орнатылады.

    Орнату үшін Басқару консолін таңдау қадамында ағымдағы кластер түйінінде орнатылатын Консольді таңдау керек. Консольді тек кластер түйініне орнатсаңыз, түйін істен шықса, сіз Басқару серверіне қатынасу құқығын жоғалтасыз. Осы қадамда барлық кластер түйіндеріне орнату үшін Microsoft басқару консолі (MMC) негізіндегі Басқару консолін таңдауды ұсынамыз. Басқару серверін орнатқаннан кейін Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін кластер түйіні болып табылмайтын бөлек құрылғыға орнатыңыз. Бұл кластер түйіні істен шыққан жағдайда Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін пайдаланып, Басқару серверін басқаруға мүмкіндік береді.

  • Жергілікті түрде (тек осы құрылғыға ғана орнату)

    Осы параметрді таңдасаңыз, Басқару сервері тек ағымдағы түйінде, автономды сервердегідей орнатылады және Басқару сервері кластерлік бағдарлама ретінде жұмыс істемейді. Мысалы, Басқару сервері үшін істен шығуға төзімділік қажет болмаса, осы параметрді жалпы қоймада бос кеңістікті үнемдеу үшін таңдай аласыз. Ағымдағы түйін істен шыққан жағдайда, сізге Басқару серверін басқа түйінге орнатып, деректердің сақтық көшірмесінен Басқару серверінің күйін қалпына келтіру тура келеді.

Кейінгі әрекеттер, орнату тәсілін таңдаудан бастап, стандартты немесе таңдаулы орнату тәсілін қолдану кезіндегідей болып келеді.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.