12-қадам. Түпнұсқалық растама режимін таңдау

2024 ж. 29 наурыз

ID 205071

Басқару серверін дерекқорларды басқару жүйесіне (ДҚБЖ) қосу кезінде қолданылатын түпнұсқалық растама режимін анықтаңыз.

Таңдалған ДҚБЖ жүйеге байланысты, сіз келесі түпнұсқалық растама режимдерін таңдай аласыз:

  • SQL Express немесе Microsoft SQL Server үшін келесі нұсқалардың бірін таңдаңыз:
    • Microsoft Windows аутентификация режимі. Бұл жағдайда, құқықтарды тексеру кезінде Басқару серверін іске қосу үшін есептік жазба пайдаланылады.
    • SQL серверінің аутентификация режимі. Бұл нұсқа таңдалған жағдайда, құқықтарды тексеру үшін терезеде көрсетілген есептік жазба пайдаланылады. Есептік жазба және Құпиясөз өрістерін толтырыңыз.

      Енгізілген құпиясөзді қарау үшін, Көрсету түймесін басып, оны қажетті уақыт бойы ұстап тұрыңыз.

    Бағдарлама дерекқордың екі түпнұсқалық растама режимі үшін қолжетімді ме екендігін тексереді. Дерекқор қолжетімді болмаса, қате туралы хабар пайда болады және сіз дұрыс есептік деректерді көрсетуіңіз керек.

    Басқару серверінің дерекқоры басқа құрылғыда болса және Басқару серверінің есептік жазбасы дерекқордың серверіне қатынаса алмаса, онда Басқару серверін орнату немесе жаңарту кезінде SQL серверінің түпнұсқалық растамасы режимін қолданған жөн. Бұл, дерекқоры бар құрылғы доменде болмаған кезде немесе Басқару сервері LocalSystem есептік жазбасымен орнатылған жағдайда орын алуы мүмкін.

MySQL, MariaDB, PostgreSQL немесе Postgres Pro үшін есептік жазба мен құпиясөзді көрсетіңіз.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.