Желілік агенттерді klmover утилитасын пайдаланып Басқару серверіне қосу

2024 ж. 7 ақпан

ID 227839

Басқару сервері сертификатын klsetsrvcert пәрмен жолының утилитасымен ауыстырғаннан кейін, байланыс үзілгендіктен Желілік агенттер мен Басқару сервері арасында SSL қосылымын орнату керек.

Жаңа Басқару сервер сертификатын көрсету және қосылымды қалпына келтіру үшін:

Пәрмен жолында келесі пәрменді орындаңыз:

klmover [-address <сервер мекенжайы>] [-pn <порт нөмірі>] [-ps <SSL портының нөмірі>] [-nossl] [-cert <сертификат файлына апаратын жол>]

Утилитаны іске қосу үшін әкімші құқықтары қажет.

Бұл утилита Желілік агентті клиент құрылғысына орнатқан кезде Желілік агенттің орнату қалтасына автоматты түрде көшіріледі.

Егер Желілік агент саясаты параметрлерінде Жою құпиясөзін пайдалану параметрі қосулы болса және Желілік агенттің 15 нұсқасы пайдаланылса, онда klmover утилитасы тиісті құпиясөзді қажет етеді. Желілік агент орнату қалтасында орналасқан klcsngtgui утилитасын пайдаланып, Желілік агент нұсқасын тексеруге болады.

klmover утилитасының параметрлерінің сипаттамасы төмендегі кестеде келтірілген.

klmover утилитасының параметрлерінің мәндері

Параметр

Мән

-address <Сервер мекенжайы>

Қосылу үшін Басқару сервері мекенжайы.

Мекенжай ретінде IP мекенжайын, NetBIOS- немесе DNS атауын көрсетуге болады.

-pn <порт нөмірі>

Басқару серверіне шифрланбаған қосылу орындалатын порт нөмірі.

Әдепкі бойынша 14000-порт орнатылған.

-ps <SSL порты нөмірі>

SSL протоколын қолдана отырып, Басқару серверіне шифрланған қосылу жүзеге асырылатын SSL порты нөмірі.

Әдепкі бойынша 13000-порт орнатылған.

-nossl

Басқару серверіне шифрланбаған қосылымды пайдалану.

Егер кілт пайдаланылмаса, Желілік агент Серверге қорғалған SSL протоколы арқылы қосылады.

-cert <сертификат файлының жолы>

Басқару серверіне қатынасудың түпнұсқалық растамасын жасау үшін көрсетілген сертификат файлын пайдалану.

-virtserv

Виртуалды Басқару серверінің атауы.

-cloningmode

Желілік агенттің дискісін клондау режимі.

Дискіні клондау режимін конфигурациялау үшін келесі параметрлердің бірін пайдаланыңыз:

  • -cloningmode – дискіні клондау режимінің күйін сұрау.
  • -cloningmode 1 – дискіні клондау режимін қосу.
  • -cloningmode 0 – дискіні клондау режимін өшіру.

Мысалы, Желілік агентті Басқару серверіне қосу үшін келесі пәрменді орындаңыз:

klmover -address kscserver.mycompany.com -logfile klmover.log

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Басқару серверінің пайдаланушы сертификатын белгілеу

Клиент құрылғысын Басқару серверіне қолмен қосу. klmover утилитасы

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.