Желілік агентті басқа Басқару серверіне ауыстырып қосу туралы

2024 ж. 29 наурыз

ID 231193

Kaspersky Security Center-де, желінің келесі сипаттамалары өзгерген кезде клиент құрылғысының Желілік агентін басқа Басқару серверіне ауыстырып қосу мүмкіндігі көзделген:

  • DHCP сервері мекенжайына арналған шарт – желідегі DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) серверінің IP мекенжайын өзгерту.
  • Әдепкі қосылым шлюзінің мекенжайына арналған шарт – желінің негізгі шлюзін өзгерту.
  • DNS доменіне арналған шарт – ішкі желінің DNS суффиксін өзгерту.
  • DNS сервері мекенжайына арналған шарт – желідегі DNS серверінің IP мекенжайын өзгерту.
  • WINS сервері мекенжайына арналған шарт – желідегі DNS серверінің IP мекенжайын өзгерту. Бұл параметр Windows операциялық жүйелері орнатылған құрылғылар үшін ғана қолжетімді.
  • Атау шешіміне арналған шарт – клиент құрылғысында NetBIOS атауы немесе DNS атауы өзгерді.
  • Қосалқы желіге арналған шарт – ішкі желі маскасы мен мекенжайын өзгерту.
  • Windows доменінің қолжетімділігіне арналған шарт – клиент құрылғысы қосылып тұрған Windows доменінің күйін өзгерту. Бұл параметр Windows операциялық жүйелері орнатылған құрылғылар үшін ғана қолжетімді.
  • SSL қосылым мекенжайының қолжетімділігіне арналған шарт – клиент құрылғысы Сервермен (атауы:порты) SSL қосылымын орната алады немесе орната алмайды (сіз таңдаған параметрге байланысты). Әрбір Сервер үшін сіз SSL сертификатын қосымша түрде көрсете аласыз. Бұл жағдайда, Желілік агент SSL қосылымының мүмкіндігін тексерумен қатар, Басқару серверінің сертификатын тексереді. Сертификаттар сай келмесе, қосылым орнатылмайды.

Бұл функцияға тек Windows немесе macOS басқаратын құрылғыларға орнатылған Желілік агенттер үшін қолдау көрсетіледі.

Желілік агентті Серверге қосудың бастапқы параметрлері Желілік агентті орнату кезінде белгіленеді. Алдағыда, Желілік агентті басқа Басқару серверлеріне ауыстырып қосу ережелері қалыптастырылған болса, Агент желі сипаттамаларының өзгертілуіне келесідей жауап қайтарады:

  • Егер желінің сипаттамалары қалыптастырылған ережелердің ешбіріне сай келмесе, онда Желілік агент осы ережеде көрсетілген Басқару серверіне қосылады. Бұл ережемен белгіленген болса, клиент құрылғыларына орнатылған бағдарламалар автономды пайдаланушыларға арналған саясаттарға өтеді.
  • Ережелердің ешбірі орындалмай жатса, онда Желілік агент орнату кезінде белгіленген Басқару серверіне қосылу бастапқы параметрлеріне қайта оралады. Клиент құрылғыларында орнатылған бағдарламалар белсенді саясаттарға қайта оралады.
  • Басқару сервері қолжетімді болмаса, онда Желілік агент автономды пайдаланушыларға арналған саясаттарды қолданады.

Желілік агент, Басқару сервері қолжетімсіз болғанда автономды пайдаланушы режиміне ауысу параметрі Желілік агент саясатының параметрлерінде қосылған болса ғана автономды пайдаланушыларға арналған саясатқа ауысып қосылады.

Желілік агентті Басқару серверіне қосу параметрлері қосылым профилінде сақталады. Қосылым профилінде сіз клиент құрылғыларын автономды пайдаланушыларға арналған саясаттарға көшіру ережелерін жасай аласыз, сондай-ақ профильді жаңартуларды жүктеп алу үшін қолданылатындай етіп конфигурациялай аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Желілік агентті желілік орналасу бойынша ауыстырып қосу ережесін жасау

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.