13291-портты жабу үшін klscflag утилитасын пайдалану

2024 ж. 29 наурыз

ID 233113

Басқару серверінің 13291-порты Басқару консольдерінен қосылымдарды қабылдау үшін қолданылады. Әдепкі бойынша порт ашық. Егер сіз Microsoft Management Console (MMC) консолі негізіндегі Басқару консолін немесе klakaut утилитасын пайдаланғыңыз келмесе, бұл портты klscflag утилитасы көмегімен жабуға болады. Бұл утилита KLSRV_SP_SERVER_SSL_PORT_GUI_OPEN параметрінің мәнін өзгертеді.

13291-портты жабу үшін:

  1. Әкімші құқықтары бар Windows пәрмен жолын іске қосыңыз, содан кейін ағымдағы каталогті klscflag утилитасы бар каталогке өзгертіңіз. klscflag утилитасы Басқару серверінің орнату қалтасында орналасқан. Әдепкі бойынша орнату жолы: <Диск>:\Program Files (x86)\Kaspersky Lab\Kaspersky Security Center.
  2. Пәрмен жолында келесі пәрменді орындаңыз:

    klscflag -ssvset -pv klserver -s 87 -n KLSRV_SP_SERVER_SSL_PORT_GUI_OPEN -sv false -svt BOOL_T -ss "|ss_type = \"SS_SETTINGS\";"

  3. Kaspersky Security Center Басқару сервері қызметін қайта іске қосыңыз.

13291-порт жабық.

13291-порттың сәтті жабылғанын тексеру үшін:

Пәрмен жолында келесі пәрменді орындаңыз:

klscflag -ssvget -pv klserver -s 87 -n KLSRV_SP_SERVER_SSL_PORT_GUI_OPEN -svt BOOL_T -ss "|ss_type = \"SS_SETTINGS\";"

Бұл пәрмен келесі нәтижені қайтарады:

+--- (PARAMS_T)

+---KLSRV_SP_SERVER_SSL_PORT_GUI_OPEN = (BOOL_T)false

false мәні порттың жабық екенін білдіреді. Әйтпесе, true мәні көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы қолданатын порттар

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.