Kaspersky Security Center 14.2 бағдарламасымен жұмыс істеу үшін PostgreSQL немесе Postgres Pro серверін конфигурациялау

2024 ж. 7 ақпан

ID 241223

Kaspersky Security Center 14.2 бағдарламасы PostgreSQL және Postgres Pro ДҚБЖ қолдайды. Егер сіз осы ДҚБЖ-нің біреуін қолдансаңыз, ДҚБЖ жүйесі мен Kaspersky Security Center бағдарламасының жұмысын оңтайландыру үшін ДҚБЖ серверінің параметрлерін конфигурациялау мүмкіндігін қарастырыңыз.

Конфигурация файлының әдепкі жолы: C:\Program Files\PostgreSQL\<VERSION>\data\postgresql.conf

PostgreSQL және Postgres Pro үшін ұсынылатын параметрлер:

  • shared_buffers = ДҚБЖ орнатылған құрылғының жедел жады көлемінің 25 пайызы

    Егер жедел жад 1 ГБ-тан аз болса, онда әдепкі бойынша мәнді қалдырыңыз.

  • max_stack_depth = 2MB
  • temp_buffers = 24MB
  • work_mem = 16MB
  • max_connections = 151
  • max_parallel_workers_per_gather = 0
  • maintenance_work_mem = 128 MB

Өзгерістер күшіне енуі үшін postgresql.conf файлын жаңартқаннан кейін серверді қайта іске қосыңыз немесе қайта жүктеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін PostgreSQL құжаттамасын қараңыз.

PostgreSQL және Postgres Pro үшін есептік жазбаларды жасау және конфигурациялау туралы қосымша ақпаратты келесі бөлімінен қараңыз: PostgreSQL және Postgres Pro бағдарламаларымен жұмыс істеу үшін есептік жазбаларды конфигурациялау.

PostgreSQL және Postgres Pro серверінің параметрлері, сондай-ақ осы параметрлерді қалай көрсету керектігі туралы толық ақпаратты ДҚБЖ бойынша тиісті құжаттамадан қараңыз.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.