Консоль ағашы

2024 ж. 29 наурыз

ID 3336

Консоль ағашы (төмендегі суретті қараңыз) желіде қалыптасқан Басқару серверлері иерархиясын, олардың басқару топтарының құрылымын, сондай-ақ бағдарламаның басқа нысандарын (мысалы, Қоймалар және Бағдарламаларды басқару қалталары) көрсетуге арналған. Kaspersky Security Center атаулар кеңістігінде, орнатылған және желі құрылымына қосылған Басқару серверлеріне сәйкес келетін сервер атаулары бар бірнеше түйіндер болуы мүмкін.

Консоль ағашы

Басқару сервері түйіні

Басқару сервері – <Құрылғы атауы> түйіні контейнер болып табылады және көрсетілген Басқару серверінің құрылымдық ұйымын көрсетеді.

Басқару сервері түйінінің жұмыс аймағында бағдарлама мен Басқару сервері басқаратын құрылғылардың ағымдағы күйі туралы жиынтық ақпарат бар. Жұмыс саласындағы ақпарат қойыншалар бойынша бөлінеді:

  • Мониторинг. Нақты уақыттағы Мониторинг қойыншасы бағдарламаның жұмысы және клиент құрылғыларының ағымдағы күйі туралы ақпаратты көрсетеді. Әкімші үшін маңызды хабарлар (мысалы, осалдықтар, қателер, вирустарды анықтау туралы хабарлар) түспен ерекшеленеді. Мониторинг қойыншасындағы сілтемелер бойынша әкімшінің типтік тапсырмаларын орындауға болады (мысалы, клиент құрылғыларында қауіпсіздік бағдарламасын орнату және конфигурациялау), сонымен қатар консоль ағашының басқа қалталарына өтуге болады.
  • Статистика. Онда тақырыптар бойынша топтастырылған диаграммалар жиынтығы бар (қорғаныс күйі, антивирустық статистика, жаңартулар және т.б.). Диаграммаларда визуалды түрде бағдарламаның жұмысы және клиент құрылғыларының күйі туралы ағымдағы ақпарат көрсетіледі.
  • Есептер. Бағдарлама қалыптастыратын есеп үлгілерін қамтиды. Қойыншада сіз алдын ала орнатылған үлгілерден есептер құрастыра аласыз, сонымен қатар жеке есеп шаблондарын жасай аласыз.
  • Оқиғалар. Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде тіркелген оқиғалар туралы жазбаларды қамтиды. Оқуға және сұрыптауға ыңғайлы болу үшін жазбалар тақырыптық таңдауларға бөлінеді. Қойыншада сіз автоматты түрде жасалған оқиғалар үлгілерін көре аласыз, сонымен қатар өзіндік үлгілерді жасай аласыз.

Басқару сервері түйінінің құрамындағы қалталар

Басқару сервері – <Құрылғы атауы> түйінің құрамына келесі қалталар кіреді:

  • Басқарылатын құрылғылар. Қалта басқару топтарының, топтық саясаттардың және топтық тапсырмалардың құрылымын сақтауға, көрсетуге, конфигурациялауға және өзгертуге арналған.
  • Ұялы құрылғыларды басқару. Қалта ұялы құрылғыларды басқаруға арналған. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасы келесі салынған қалталарды қамтиды:
    • Ұялы құрылғылар серверлері. iOS MDM серверлерін және Exchange ActiveSync Ұялы құрылғы серверлерін басқаруға арналған.
    • Ұялы құрылғылар. KES, Exchange ActiveSync және iOS MDM ұялы құрылғыларын басқаруға арналған.
    • Сертификаттар. Ұялы құрылғы сертификаттарын басқаруға арналған.
  • Құрылғыны таңдаулары. Қалта барлық басқарылатын құрылғылар арасында белгілі бір критерийлерге сәйкес келетін құрылғыларды (құрылғыларды таңдау) жылдам таңдауға арналған. Мысалы, қауіпсіздік бағдарламасы орнатылмаған құрылғыларды жылдам таңдап, сол құрылғыларға өтуге болады (олардың тізімін қарау). Таңдалған құрылғылармен әрекеттерді орындауға, мысалы, оларға тапсырмалар беруге болады. Алдын ала орнатылған үлгілерді пайдалануға, сондай-ақ өзіндік (пайдаланушы) таңдаларын жасауға болады.
  • Тағайындалмаған құрылғылар. Қалтада ешбір басқару тобына кірмейтін құрылғылардың тізімі бар. Сіз тағайындалмаған құрылғылармен әрекеттерді орындай аласыз, мысалы, оларды басқару топтарына көшіре аласыз, оларға бағдарламалар орната аласыз.
  • Саясаттар. Қалта саясаттарды қарауға және жасауға арналған.
  • Тапсырмалар. Қалта тапсырмаларды қарауға және жасауға арналған.
  • "Лаборатория Касперского" лицензиясы. "Лаборатория Касперского" бағдарламалары үшін қолжетімді лицензиялық кілттердің тізімін қамтиды. Қалтаның жұмыс аймағында сіз лицензиялық кілттер қоймасына жаңа лицензиялық кілттерді қоса аласыз, лицензиялық кілттерді басқарылатын құрылғыларға тарата аласыз, лицензиялық кілттерді пайдалану туралы есепті көре аласыз.
  • Қосымша. Қалтада бағдарламаның әртүрлі функционалдық топтарына сәйкес келетін ішкі қалталар жиынтығы бар.

Қосымша қалтасы. Консоль ағашындағы қалталарды жылжыту

Қосымша қалтасының құрамына келесі қалталар кіреді:

  • Пайдаланушы есептік жазбалары. Қалтада пайдаланушы есептік жазбалары тізімдері бар.
  • Бағдарламаларды басқару. Қалта желідегі құрылғыларда орнатылған бағдарламаларды басқаруға арналған. Бағдарламаларды басқару қалтасы келесі салынған қалталарды қамтиды:
    • Бағдарлама санаттары. Бағдарламалардың пайдаланушы санаттарымен жұмыс істеуге арналған.
    • Бағдарламалар тізімдемесі. Желілік агенті орнатылған құрылғылардағы бағдарламалардың тізімін қамтиды.
    • Орындалатын файлдар. Желілік агенті орнатылған клиент құрылғыларында сақталған орындалатын файлдардың тізімін қамтиды.
    • Бағдарламалық жасақтама осалдықтары. Желілік агенті орнатылған құрылғылардағы бағдарламалық жасақтама осалдықтары тізімін қамтиды.
    • Бағдарламалық жасақтама жаңартулары. Құрылғыларға таратылуы мүмкін Басқару сервері алған бағдарламалардың жаңартуларының тізімін қамтиды.
    • Өзге лицензияларды ескеру. Лицензиялы бағдарламалар тобы тізімін қамтиды. Лицензиялық бағдарламалар топтарының көмегімен үшінші тарап бағдарламаларына ("Лаборатория Касперского" бағдарламалары емес) лицензиялардың қолданылуын және лицензиялық шектеулердің бұзылуын бақылауға болады.
  • Қашықтан орнату. Қалта операциялық жүйелер мен бағдарламаларды қашықтан орнатуды басқаруға арналған. Қашықтан орнату қалтасы келесі салынған қалталарды қамтиды:
    • Құрылғы кескіндерін орналастыру. Құрылғыларда операциялық жүйелердің кескіндерін орналастыруға арналған.
    • Орнату пакеттері. Бағдарламаларды құрылғыларға қашықтан орнату үшін пайдалануға болатын орнату пакеттерінің тізімі бар.
  • Деректерді шифрлау және қорғау. Қалта қатты және алынбалы дискілердегі деректерді шифрлау процесін басқаруға арналған.
  • Желіде сауалнама өткізу. Қалта Басқару сервері орнатылған желіні көрсетуге арналған. Басқару сервері, желі құрылымы және оның құрамына кіретін құрылғылар туралы ақпаратты ұйым желісінде құрылған Windows желісінің, IP ауқымдарының және Active Directory сауалнамаларын тұрақты өткізіп тұру кезінде алады. Сауалнама нәтижелері тиісті қалталардың жұмыс аймақтарында көрсетіледі: Домендер, IP ауқымдары және Active Directory.
  • Қоймалар. Қалта құрылғылардың күйін бақылау және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын нысандармен жұмыс істеуге арналған. Қоймалар қалтасы келесі салынған қалталарды қамтиды:
    • Смарт оқыту күйінде ережелердің іске қосылуы. Клиент құрылғыларында Смарт оқыту режимінде жұмыс істейтін Kaspersky Endpoint Security ережелері орындайтын анықтаулар тізімін қамтиды.
    • "Лаборатория Касперского" БҚ жаңартулары мен патчтары. Құрылғыларға таратылуы мүмкін Басқару сервері алған жаңартулардың тізімін қамтиды.
    • Жабдық. Ұйымның желісіне қосылған жабдықтардың тізімін қамтиды.
    • Карантин. Антивирустық бағдарламалар құрылғылардағы карантиндік қалталарға орналастырылған нысандардың тізімін қамтиды.
    • Сақтық көшірмелеу. Қалта құрылғылардағы зарарсыздандыру процесінде жойылған немесе өзгертілген файлдардың сақтық көшірмелерінің тізімін қамтиды.
    • Кейін өңделетін файлдар. Антивирустық бағдарламалар кешіктірілген зарарсыздандыру қажеттілігін анықтаған файлдардың тізімін қамтиды.

Сіз Қосымша қалтасына салынған қалталар жиынтығын өзгерте аласыз. Белсенді қолданылатын ішкі қалталарды Қосымша қалтасынан жоғары деңгейге жылжытуға болады. Жұмыста сирек қолданылатын қалталарды Қосымша қалтасына салуға болады.

Салынған қалтаны Қосымша қалтасынан жылжыту үшін:

  1. Консоль ағашында Қосымша қалтасынан жылжытқыңыз келетін салынған қалтаны таңдаңыз.
  2. Салынған қалтаның контекстік мәзірінде КөруҚосымша қалтасынан жылжыту тармағын таңдаңыз.

Сондай-ақ, Қосымша қалтасының жұмыс аймағында салынған қалтаны, салынған қалтаның атауы бар блоктағы Қосымша қалтасынан жылжыту сілтемесі бойынша Қосымша қалтасынан шығаруға болады.

Қалтаны Қосымша қалтасына жылжыту үшін:

  1. Консоль ағашында Қосымша қалтасына жылжыту керек қалтаны таңдаңыз.
  2. Қалтаның контекстік мәзірінде КөруҚосымша қалтасына жылжыту тармағын таңдаңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Негізгі орнату сценарийі

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.