Басқару серверінің жалпы параметрлерін көрсету

2024 ж. 29 наурыз

ID 3768

Сіз Басқару сервері сипаттары терезесінің Жалпы, Басқару серверіне қосылу параметрлері, Оқиғалар қоймасы және Қауіпсіздік бөлімдерінде Басқару серверінің жалпы параметрлерін конфигурациялай аласыз.

Басқару консолі интерфейсінде, оның дисплейі өшірулі болса, Басқару сервері сипаттары терезесінде Қауіпсіздік бөлімі көрсетілмейді.

Басқару консолінде Қауіпсіздік бөлімінің көрсетілуін қосу үшін:

  1. Консоль ағашында қажетті Басқару серверін таңдаңыз.
  2. Бағдарламаның басты терезесінің Көру мәзірінде Интерфейсті конфигурациялау тармағын таңдаңыз.
  3. Ашылған Интерфейсті конфигурациялау терезесінде Қауіпсіздік параметрлері бар тарауларды көрсету жалаушасын қойып, OK түймесін басыңыз.
  4. Бағдарлама хабары бар терезеде OK түймесін басыңыз.

Қауіпсіздік бөлімі Басқару сервері сипаттары терезесінде көрсетіледі.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.