Тапсырманы импорттау
Тапсырманы импорттау
Топтық тапсырмалар мен арнайы құрылғыларға арналған тапсырмаларды импорттай аласыз. Басқару серверінің тапсырмалары импорттау үшін қолжетімді емес.
Тапсырманы импорттау үшін:
- Тапсырманы импорттау қажет тапсырмалар тізімін таңдаңыз:
- Егер сіз тапсырманы топтық тапсырмалар тізіміне импорттағыңыз келсе, сізге қажет басқару тобының жұмыс аймағында Тапсырмалар қойыншасын таңдаңыз.
- Егер сіз тапсырманы арнайы құрылғыларға арналған тапсырмалар тізіміне импорттағыңыз келсе, консоль ағашында Тапсырмалар қалтасын таңдаңыз.
- Тапсырманы импорттаудың келесі тәсілдерінің бірін таңдаңыз:
- Тапсырмалар тізімінің контекстік мәзірінде Барлық тапсырмалар → Импорттау тармағын таңдаңыз.
- Тапсырмалар тізімін басқару блогындағы Тапсырманы файлдан импорттау сілтемесі арқылы.
- Ашылған терезеде тапсырманы импорттағыңыз келетін файлдың жолын көрсетіңіз.
- Ашу түймесін басыңыз.
Нәтижесінде, импортталған тапсырма тапсырмалар тізімінде көрсетіледі.
Импортталған жаңа тапсырманың атауы бұрыннан бар тапсырманың атауымен бірдей болса, импортталған тапсырманың атауы түр (<реттік нөмір>), мысалы: (1), (2) жалғауы көмегімен кеңейтіледі.
Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.