Windows желісінің сауалнамасы

2024 ж. 7 ақпан

ID 3885

Барлығын жаю | Барлығын жию

Windows желісінің сауалнамасы туралы

Жылдам сауалнама кезінде Басқару сервері желінің барлық домендері мен жұмыс топтары құрылғыларының NetBIOS атаулары тізімі туралы ақпаратты ғана алады. Толық сауалнама барысында, әрбір клиент құрылғысынан келесі ақпарат сұралады:

  • операциялық жүйенің аты;
  • IP мекенжайы;
  • DNS атауы;
  • NetBIOS атауы.

Жылдам сауалнама кезінде де, толық сауалнама кезінде де керегі:

  • UDP 137/138, TCP 139, UDP 445, TCP 445 ашық порттары;
  • қосулы SMB протоколы.
  • Microsoft Computer Browser қызметі қолданылуы тиіс, ал негізгі браузер рөлін атқаратын құрылғы Басқару серверінде қолжетімді болуы керек;
  • Microsoft Computer Browser қызметі қолданылуы тиіс, ал негізгі браузер рөлін атқаратын құрылғы клиент құрылғысында қолжетімді болуы керек:
    • желілік құрылғылардың саны 32-ден аспаса, кемінде бір құрылғының болуы;
    • әрбір 32 желілік құрылғыға кемінде бір құрылғының болуы.

Желінің толық сауалнамасы, егер жылдам сауалнама кемінде бір рет іске қосылған болса ғана іске қосылуы тиіс.

Windows желісінің сауалнамасы параметрлерін көру және өзгерту

Windows желісінің сауалнамасы параметрлерін өзгерту үшін:

  1. Құрылғыны табу қалтасындағы консоль шежіресінен Домендер салынған қалтасын таңдаңыз.

    Сіз Қазір сауалнама өткізу түймесі арқылы Тағайындалмаған құрылғылар қалтасынан Құрылғыны табу қалтасына ауыса аласыз.

    Домендер ішкі қалтасының жұмыс аймағында құрылғылар тізімі көрсетіледі.

  2. Қазір сауалнама өткізу түймесін басыңыз.

    Домен сипаттары терезесі ашылады. Қажет болса, Windows желісінің сауалнамасы параметрлерін конфигурациялаңыз:

    • Windows желілік сауалнамасын қосу
    • Жылдам сауалнама жүргізу кестесін орнату
    • Толық сауалнама жүргізу кестесін орнату

Желіде сауалнама өткізуді бірден іске қосу қажет болса, Қазір сауалнама өткізу түймесін басыңыз. Сауалнаманың екі түрі де іске қосылады.

Виртуалды Басқару серверінде Windows желісінің сауалнамасы параметрлерін қарау және өзгерту әрекеттері тарату нүктесінің сипаттары терезесінде, Құрылғыны табу бөлімінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Домен параметрлерін қарап шығу және өзгерту Windows домендерімен жұмыс істеу

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.