Оқиға хабарландырулары параметрлерін конфигурациялау

2024 ж. 29 наурыз

ID 4944

Барлығын жаю | Барлығын жию

Kaspersky Security Center бағдарламасы клиент құрылғыларындағы оқиғалар туралы әкімшіге хабарлау тәсілін таңдауға және хабарландыру параметрлерін конфигурациялауға мүмкіндік береді:

  • Электрондық пошта. Оқиға орын алған кезде, бағдарлама көрсетілген электрондық пошта мекенжайларына хабарландыру жібереді. Хабарландыру хабарын конфигурациялай аласыз.
  • SMS. Оқиға орын алған кезде, бағдарлама көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарландырулар жібереді. Пошта шлюзі арқылы SMS хабарландыруларын жіберуді конфигурациялауға болады.
  • Орындалатын файл. Құрылғыда оқиға болған кезде орындалатын файл әкімшінің жұмыс станциясында іске қосылады. Орындалатын файлдың көмегімен әкімші болған оқиғаның параметрлерін ала алады.

Клиент құрылғыларындағы оқиғалар туралы хабарландыру параметрлерін конфигурациялау үшін:

  1. Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
  2. Тораптың жұмыс аймағында Оқиғалар қойыншасын таңдаңыз.
  3. Хабарландырулар мен оқиғаларды экспорттау параметрлерін конфигурациялау сілтемесі арқылы өтіп, ашылатын тізімнен Хабарландыруларды конфигурациялау мәнін таңдаңыз.

    Сипаттар: Оқиғалар терезесі ашылады.

  4. Хабарландыру бөлімінде хабарландыру тәсілін таңдаңыз (электрондық пошта, SMS, іске қосылатын орындалатын файл) және хабарландыру параметрлерін конфигурациялаңыз:
    • Электрондық пошта
    • SMS
    • Іске қосылатын орындалатын файл
  5. Хабарландыру хабары өрісінде оқиға болған кезде бағдарлама жіберетін мәтінді енгізіңіз.

    Мәтін өрісінің оң жағында орналасқан ашылмалы тізімнен хабарға оқиғаның егжей-тегжейі бар алмастырылатын параметрлерді қосуға болады (мысалы, оқиғаның сипаттамасы, пайда болу уақыты және т.б.).

    Хабарландыру мәтінінде % белгішесі болса, хабар жіберілуі үшін, осы пайыз белгішесін қатарынан екі рет көрсету керек. Мысалы, "Орталық процессор жүктемесі 100%%".

  6. Тексеру хабарын жіберу түймесі арқылы хабарландырулардың дұрыс конфигурацияланғанын тексеріңіз.

    Бағдарлама көрсетілген алушыға сынақ хабарын жібереді.

  7. Өзгерістерді сақтау үшін OK түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, конфигурацияланған хабарландыру параметрлері клиент құрылғыларында болып жатқан барлық оқиғаларға таралады.

Оқиғаны конфигурациялау бөлімінде, Басқару сервері параметрлерінде, саясат параметрлерінде немесе бағдарлама параметрлерінде белгіленген оқиғалар үшін хабарландыру параметрлерінің мәндерін өзгертуге болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Басқару серверінде оқиғаларды өңдеу және сақтау

Сценарий: Мониторинг және есептер

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.