Орнатуға дайындық

2024 ж. 29 наурыз

ID 6267

Орнатуды бастамас бұрын келесі қадамдарды орындаңыз.

  • Жабдыққа және бағдарламалық жасақтамаға қойылатын талаптарды тексеру

    Құрылғының аппараттық және бағдарламалық жасақтамасы Басқару сервері мен Басқару консоліне қойылатын талаптарға сай келетініне көз жеткізіңіз.

  • Дерекқорды басқару жүйесін (ДҚБЖ) таңдау және орнату

    Kaspersky Security Center өз ақпаратын ДҚБЖ басқаратын дерекқорында сақтайды. Kaspersky Security Center орнатпас бұрын желіде ДҚБЖ орнатыңыз (ДҚБЖ таңдау туралы қосымша ақпарат алыңыз). Егер сіз PostgreSQL немесе Postgres Pro ДҚБЖ орнатуды шешсеңіз, суперпайдаланушының құпиясөзін көрсетіңіз. Егер құпиясөз көрсетілмесе, Басқару сервері дерекқорға қосылмауы мүмкін.

    Басқару серверін домен контроллеріне емес, бөлектенген серверге орнату ұсынылады. Тек оқуға арналған домен контроллері (RODC) рөлін атқаратын серверге Kaspersky Security Center орнатсаңыз, Microsoft SQL Server (SQL Express) жергілікті түрде орнатылмауы керек (дәл сол құрылғыда). Бұл жағдайда, Microsoft SQL Server (SQL Express) серверін қашықтан (басқа құрылғыға) орнату немесе ДҚБЖ жүйесін жергілікті түрде орнату қажет болса – MySQL, MariaDB не PostgreSQL пайдалану ұсынылады.

    Тіркелім есебі өшірілген қалталарға Басқару серверін, Желілік агент пен Басқару консолін орнатыңыз. Сондай-ақ, Басқару серверінің ортақ қатынасы бар қалтасы және Kaspersky Security Center жасырын қалтасы үшін тіркелім есебін өшіру қажет (%ALLUSERSPROFILE%\KasperskyLab\adminkit).

    Басқару сервері құрамдасымен бірге құрылғыға Желілік агенттің серверлік нұсқасы орнатылады. Оны Желілік агенттің әдеттегі нұсқасымен бірге орнату мүмкін емес. Егер сіздің құрылғыңызда Желілік агенттің серверлік нұсқасы орнатылған болса, оны жойып, Басқару серверін орнатуды қайта іске қосу қажет. Желілік агент нұсқасы туралы толық ақпаратты Kaspersky Security Center орнатқаннан кейін жүйедегі өзгерістер бөлімінен қараңыз.

  • Есептік жазбаларды тексеру

    Kaspersky Security Center орнату үшін орнату жүзеге асырылатын құрылғыда жергілікті әкімші құқықтары болуы қажет.

    Kaspersky Security Center бағдарламасы қызметтің басқарылатын есептік жазбаларын және қызметтің топтық басқарылатын есептік жазбаларын қолдайды. Егер бұл есептік жазба түрлері сіздің доменіңізде қолданылса және сіз олардың біреуін Басқару сервері қызметі үшін есептік жазба ретінде көрсеткіңіз келсе, алдымен есептік жазбаны Басқару серверін орнатқыңыз келетін құрылғыға орнатыңыз. Жергілікті құрылғыда қызметтердің басқарылатын есептік жазбаларын орнату туралы қосымша ақпаратты Microsoft ресми құжаттамасынан қараңыз.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.