Орнату пакеттерін қосалқы Басқару серверлеріне тарату

2024 ж. 7 ақпан

ID 6383

Орнату пакеттерін қосалқы Басқару серверлеріне тарату үшін:

  1. Өзіңізге қажетті қосалқы Басқару серверлерін басқаратын Басқару серверіне қосылыңыз.
  2. Келесі тәсілдердің бірімен орнату пакетін қосалқы Басқару серверлеріне тарату тапсырмасын құруды бастаңыз:
    • Егер сіз таңдалған басқару тобының қосалқы Серверлері үшін тапсырма жасағыңыз келсе, сол топ үшін топтық тапсырма құруды бастаңыз.
    • Егер сіз қосалқы Серверлер жиынтығы үшін тапсырма жасағыңыз келсе, құрылғылар жиынтығы үшін тапсырма құруды бастаңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шеберінің Тапсырма түрін таңдау терезесінде, Kaspersky Security Center Басқару сервері түйінінде, Кеңейтілген қалтасында Орнату пакетін тарату тапсырма түрін таңдаңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері жұмысының нәтижесінде таңдалған қосалқы Басқару серверлеріне таңдалған орнату пакеттерін тарату тапсырмасы жасалады.

  3. Тапсырманы қолмен іске қосыңыз немесе тапсырма параметрлерінде көрсетілген кестеге сәйкес оның іске қосылуын күтіңіз.

Тапсырманы орындау нәтижесінде, таңдалған орнату пакеттері таңдалған қосалқы Басқару серверлеріне көшіріледі.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.