APNs сертификатын iOS MDM серверіне орнату

2024 ж. 7 ақпан

ID 64666

APNs сертификатын алғаннан кейін, APNs сертификатын iOS MDM серверіне орнату қажет.

APNs сертификатын iOS MDM серверіне орнату үшін:

  1. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылардың серверлері салынған қалтасын таңдаңыз.
  2. Ұялы құрылғылардың серверлері қалтасының жұмыс аймағында iOS MDM серверін таңдаңыз.
  3. iOS MDM серверінің контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    iOS MDM сервері сипаттары терезесі ашылады.

  4. iOS MDM сервері сипаттары терезесінде Сертификаттар бөлімін таңдаңыз.
  5. Сертификаттар бөлімінде, Apple пуш-хабарландыруының сертификаты параметрлері блогында Орнату түймесін басыңыз.
  6. APNs сертификаты бар PFX пішіміндегі файлды таңдаңыз.
  7. APNs сертификатын экспорттау кезінде көрсетілген жеке кілттің құпиясөзін енгізіңіз.

Нәтижесінде, APNs сертификаты iOS MDM серверіне орнатылады. Сертификат туралы ақпарат Сертификаттар бөліміндегі iOS MDM серверінің сипаттары терезесінде көрсетіледі.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.