Пайдаланушыға сертификатты орнату

2024 ж. 7 ақпан

ID 89274

Пайдаланушыға сертификаттардың үш түрін орнатуға болады:

  • пайдаланушының ұялы құрылғысын анықтау үшін қажет жалпы сертификат;
  • пошта сертификаты, пайдаланушының ұялы құрылғысында корпоративтік поштаны конфигурациялау үшін қажет;
  • VPN сертификаты, пайдаланушының ұялы құрылғысында виртуалды жеке желіні конфигурациялау үшін қажет.

Пайдаланушы сертификатын жазып беру және оны орнату үшін:

  1. Консоль ағашында Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасын ашып, пайдаланушы есептік жазбасын таңдаңыз.

    Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасы әдепкі бойынша Кеңейтілген қалтасына салынған.

  2. Пайдаланушы есептік жазбасының мәнмәтіндік мәзірінде Сертификатты орнату тармағын таңдаңыз.

Сертификаттарды орнату шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Сертификаттарды орнату шебері жұмысы нәтижесінде, сертификат жасалып, пайдаланушыға орнатылады. Пайдаланушының орнатылған сертификаттары тізімін қарап шығып, файлға экспорттауға болады.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.