Пәрмендер журналында пәрмендер күйлерін қарау

2024 ж. 29 наурыз

ID 89283

Бағдарлама ұялы құрылғыларға жіберілген барлық пәрмендер туралы ақпаратты пәрмендер журналында сақтайды. Пәрмендер журналында ұялы құрылғыға пәрмендерді жіберу уақыты мен күні туралы ақпарат, пәрмендердің күйлері, сондай-ақ пәрмендерді орындау нәтижелердің егжей-тегжейлі сипаттамалары да сақталады. Мысалы, пәрмен сәтсіз орындалған жағдайда журналда қатенің себебі көрсетіледі. Пәрмендер журналындағы жазбалар 30 күннен асырмай сақталады.

Ұялы құрылғыларға жіберілген пәрмендер келесі күйлерге ие болуы мүмкін:

  • Орындалуда – пәрмен ұялы құрылғыға жіберілді.
  • Аяқталды – пәрменнің орындалуы сәтті аяқталды.
  • Қатемен аяқталды – пәрменді орындау мүмкін болмады.
  • Жойылуда – пәрмен ұялы құрылғыға жіберілген пәрмендер кезегінен жойылуда.
  • Жойылды – пәрмен ұялы құрылғыға жіберілген пәрмендер кезегінен сәтті түрде жойылды.
  • Жою қатемен аяқталды – пәрменді ұялы құрылғыға жіберілген пәрмендер кезегінен жою мүмкін болмады.

Бағдарлама әрбір ұялы құрылғы үшін пәрмендер журналын жүргізеді.

Ұялы құрылғыға жіберілген пәрмендер журналын қарау үшін:

  1. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылар салынған қалтасын таңдаңыз.

    Қалтаның жұмыс аймағында басқарылатын ұялы құрылғылардың тізімі көрсетіледі.

  2. Тізімнен пәрмендер журналын қарағыңыз келетін ұялы құрылғыны қараңыз.
  3. Ұялы құрылғының контекстік мәзірінде Пәрмендер журналын көрсету тармағын таңдаңыз.

    Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесі ашылады. Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесінің бөлімдері ұялы құрылғыға жіберуге болатын пәрмендерге сай келеді.

  4. Өзіңізге қажетті пәрмендері бар бөлімдерді таңдап, пәрмендерді жіберу және орындау туралы ақпаратты Пәрмендер журналы блогында қараңыз.

Пәрмендер журналы блогында ұялы құрылғыға жіберілген пәрмендер тізімін және пәрмендер туралы ақпаратты қарай аласыз. Пәрмендерді көрсету сүзгісінің көмегімен тізімде таңдалған күйі бар пәрмендерді ғана қарауға болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.