Жалпыға ортақ кілттер инфрақұрылымымен біріктіру

2024 ж. 7 ақпан

ID 89287

Бағдарламаны жалпыға ортақ кілттер инфрақұрылымымен (Public Key Infrastructure, PKI) біріктіру, пайдаланушылардың домендік сертификаттарын шығаруды жеңілдету үшін қажет. Біріктіру нәтижесінде, сертификаттарды шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

PKI серверінің ең аз қолдау көрсетілетін нұсқасы – Windows Server 2008.

PKI жүйесімен интеграциялау үшін есептік жазбаны конфигурациялау керек. Есептік жазба келесі талаптарға сай келуі тиіс:

  • Басқару сервері орнатылған құрылғының домендік пайдаланушысы мен әкімшісі болу;
  • Басқару сервері орнатылған құрылғыда SeServiceLogonRight артықшылығына ие болу.

Тұрақты пайдаланушы профилін жасау үшін орнатылған Басқару сервері бар құрылғыға конфигурацияланған есептік жазбамен кемінде бір рет кіру керек. Осы пайдаланушының сертификаттар қоймасында, Басқару сервері бар құрылғыда доменнің әкімшілері ұсынған тіркеу агенті сертификатын орнату керек.

Жалпыға ортақ кілттер инфрақұрылымымен біріктіруді конфигурациялау үшін:

  1. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Сертификаттар салынған қалтасын таңдаңыз.
  2. Жұмыс аймағында, Сертификаттарды шығару ережелері терезесінің PKI жүйесімен интеграциялау бөлімін ашу үшін Ашық кілттердің инфрақұрылымымен интеграциялау түймесін басыңыз.

    Сертификаттарды шығару ережелері терезесінің PKI жүйесімен интеграциялау бөлімі ашылады.

  3. Сертификаттар жазып беру мен PKI интеграциялау жалаушасын қойыңыз.
  4. Есептік жазба өрісінде, жалпыға ортақ кілттер инфрақұрылымымен біріктіру үшін қолданылатын пайдаланушының есептік жазбасының атауын көрсетіңіз.
  5. Құпиясөз өрісінде есептік жазбаның домендік құпиясөзін көрсетіңіз.
  6. PKI жүйесіндегі сертификат үлгісінің атауы тізімінде доменнің пайдаланушыларына сертификаттарды шығару үшін қолданылатын сертификаттың үлгісін таңдаңыз.

    Kaspersky Security Center бағдарламасында көрсетілген есептік жазбамен мамандандырылған қызмет іске қосылады. Бұл қызмет пайдаланушылардың домендік сертификаттарын шығару үшін жауап береді. Қызмет, Тізімді жаңарту түймесі бойынша сертификаттардың үлгілері тізімі жүктелген кезде немесе сертификатты шығару кезінде іске қосылады.

  7. Параметрлерді сақтау үшін OK түймесін басыңыз.

Біріктіру нәтижесінде, сертификаттарды шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.