Конфигурациялық профильді қосу

2024 ж. 7 ақпан

ID 89292

Конфигурация профилін жасау үшін Apple Inc. веб-сайтында қолжетімді Apple Configurator 2 қолданбасын пайдалануға болады. Apple Configurator 2 тек macOS құрылғыларында жұмыс істейді; сізде мұндай құрылғылар болмаса, әкімшілік консольде орнатылған құрылғыда iPhone Configuration Utility пайдалануға болады. Apple Inc. енді iPhone Configuration Utility қолдамайды.

iPhone Configuration Utility көмегімен конфигурациялық профильді жасау және оны iOS MDM серверіне қосу үшін:

  1. Консоль ағашында Ұялы құрылғыларды басқару қалтасын таңдаңыз.
  2. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасының жұмыс аймағында Ұялы құрылғылардың серверлері салынған қалтасын таңдаңыз.
  3. Ұялы құрылғылардың серверлері қалтасының жұмыс аймағында iOS MDM серверін таңдаңыз.
  4. iOS MDM серверінің контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    Ұялы құрылғылар сервері сипаттары терезесі ашылады.

  5. iOS MDM сервері сипаттары терезесінде Конфигурациялық профильдер бөлімін таңдаңыз.
  6. Конфигурациялық профильдер бөлімінде Жасау түймесін басыңыз.

    Жаңа конфигурациялық профиль терезесі ашылады.

  7. Жаңа конфигурациялық профиль терезесінде профильдің атауы мен профиль идентификаторын көрсетіңіз.

    Конфигурациялық профиль идентификаторы бірегей болуы, идентификатордың мәні Reverse-DNS пішімінде, мысалы, com.companyname.identifier пішімінде белгіленуі тиіс.

  8. OK түймесін басыңыз.

    iPhone Configuration Utility бағдарламасы орнатылған болса, іске қосылады.

  9. iPhone Configuration Utility бағдарламасында профиль параметрлерін конфигурациялауды орындаңыз.

    Профиль параметрлерінің сипаттамасы және оны конфигурациялау бойынша нұсқаулар iPhone Configuration Utility бағдарламасына арналған құжаттамада келтірілген.

iPhone Configuration Utility бағдарламасында профиль параметрлерін конфигурациялағаннан кейін, жаңа конфигурациялық профиль iOS MDM сервері сипаттары терезесіндегі Конфигурациялық профильдер бөлімінде көрсетіледі.

Өзгерту түймесі арқылы конфигурациялық профильді өңдеуге болады.

Импорттау түймесі арқылы конфигурациялық профильді бағдарламаға жүктеуге болады.

Экспорттау түймесі арқылы конфигурациялық профильді файлда сақтауға болады.

Жасалған профильді iOS MDM құрылғыларына орнату керек.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.