Жазылым туралы

2024 ж. 7 ақпан

ID 91039

Kaspersky Security Center-ге жазылым – бұл параметрлері таңдалған бағдарламаны қолдануға тапсырыс беру (жазылымның аяқталу күні, қорғалатын құрылғылардың саны). Kaspersky Security Center-ге жазылымды провайдерде (мысалы, интернет-провайдерде) тіркеуге болады. Жазылымды қолмен немесе автоматты режимде ұзартуға немесе одан бас тартуға болады.

Жазылым шектеулі (мысалы, бір жылға) немесе шектеусіз (аяқталу күні жоқ) болуы мүмкін. Шектеулі жазылым аяқталғаннан кейін Kaspersky Security Center жұмысын жалғастыру үшін, оны жаңарту қажет. Провайдерге алдын ала төлем уақтылы енгізілген жағдайда, шектеусіз жазылым автоматты түрде ұзартылады.

Егер жазылым шектеулі болса, жазылым аяқталғаннан кейін жазылымды ұзарту үшін жеңілдік кезеңі берілуі мүмкін, оның барысында бағдарламаның функционалдығы сақталады. Жеңілдік кезеңінің болуы мен ұзақтығын провайдер айқындайды.

Kaspersky Security Center жазылымын пайдалану үшін провайдер ұсынған белсендіру кодын қолдану қажет.

Жазылым аяқталғаннан немесе одан бас тартқаннан кейін ғана Kaspersky Security Center пайдалану үшін басқа белсендіру кодын қолдануға болады.

Провайдерге байланысты жазылымды басқаруға арналған ықтимал әрекеттер жиынтығы әртүрлі болуы мүмкін. Провайдер бағдарламаның функционалдығы сақталатын жазылымның мерзімін ұзарту үшін жеңілдік кезеңін ұсынбауы мүмкін.

Жазылым арқылы сатып алынған белсендіру кодтарын Kaspersky Security Center бағдарламасының алдыңғы нұсқаларын белсендіру үшін пайдалану мүмкін емес.

Жазылым бағдарламасын пайдалану кезінде, Kaspersky Security Center бағдарламасы автоматты түрде белсендіру серверіне жазылымның аяқталу күніне дейін белгілі бір уақыт аралығында жүгінеді. Бұл жазылым туралы ақпаратты белсендіру серверімен синхрондауды қамтамасыз етеді. Жүйелік DNS арқылы серверге қатынасу мүмкін болмаса, бағдарлама жалпыға ортақ DNS серверлерін пайдаланады. Сіз жазылымды провайдердің веб-сайтында ұзарта аласыз.

Жазылым туралы ақпаратты, Kaspersky Security Center белсендіру серверіне қатынас алуын күтпей-ақ, қолмен де жаңартуға болады. Мысалы, бұл жазылым параметрлерін өзгерту кезінде пайдалы болуы мүмкін.

Жазылым туралы ақпаратты қолмен жаңарту үшін:

  1. Консоль ағашында "Лаборатория Касперского" лицензиялары" қалтасын таңдаңыз.
  2. Қосымша әрекеттер түймесін басып, ашылмалы тізімнен Жазылым параметрлерін Лицензия серверімен синхрондау нұсқасын таңдаңыз.

Жазылым туралы ақпарат белсендіру серверінде жаңартылды.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.