Тарату нүктелері туралы

2024 ж. 29 наурыз

ID 92244

Желілік агенті орнатылған құрылғыларды тарату нүктесі ретінде пайдалануға болады. Бұл режимде, Желілік агент келесі функцияларды орындай алады:

  • Жаңартуларды тарату, бұл арада жаңартуларды Басқару серверінен де, "Лаборатория Касперского" серверлерінен де алуға болады. Соңғы жағдайда, тарату нүктесі болып табылатын құрылғы үшін Жаңартуларды тарату орындарының қоймаларына жүктеп алу тапсырмасы жасалуы тиіс:
    • Бағдарламалық жасақтаманы басқа құрылғыларға орнату, соның ішінде құрылғыларда Желілік агенттерді бастапқы орналастыруды орындау.
    • Жаңа құрылғыларды анықтау және бұрыннан белгілі құрылғылар туралы ақпаратты жаңарту мақсатымен желіні сұрастыру. Тарату нүктесі Басқару серверімен бірдей құрылғыларды табу әдістерін қолдануы мүмкін.

Тарату нүктелерін ұйымның желісіне орналастыру келесі мақсаттарды көздейді:

  • Басқару серверіне түсетін жүктемені азайту.
  • Трафикті оңтайландыру.
  • Басқару серверіне ұйым желісінің жетуі қиын бөліктеріндегі құрылғыларға қатынасу мүмкіндік беру. NAT артында орналасқан тарату нүктесінің болуы (Басқару серверіне қатысты) Басқару серверіне келесі әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді:
    • IPv4 немесе IPv6 желілеріндегі UDP арқылы құрылғыларға хабарландырулар жіберу;
    • IPv4 немесе IPv6 желісінде сауалнама өткізу;
    • бастапқы орналастыруды орындау;
    • push-сервер ретінде қолдану.

Тарату нүктесі басқару тобына тағайындалады. Бұл жағдайда, тарату нүктесінің әрекет ету ауқымы осы басқару тобындағы және оның барлық ішкі топтарындағы құрылғылар болады. Бұл ретте, тарату нүктесі болып табылатын құрылғы ол тағайындалған басқару тобында болуға міндетті емес.

Сіз тарату нүктесін қосылым шлюзі етіп жасай аласыз. Бұл жағдайда, тарату нүктесінің әрекет ету ауқымындағы құрылғылар Басқару серверіне тікелей емес, шлюз арқылы қосылады. Бұл режим, Басқару сервері мен басқарылатын құрылғылар арасында тікелей қосылым мүмкін болмайтын сценарийлерде пайдалы.

Сондай-ақ, қараңыз:

Тарату нүктелері мен қосылым шлюздерін конфигурациялау

Негізгі орнату сценарийі

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.