Желілік агентті орнату параметрлері
Төмендегі кестеде, Желілік агентті орнату кезінде конфигурациялауға болатын MSI сипаттары сипатталған. EULA және SERVERADDRESS қоспағанда, барлық параметрлер міндетті емес.
Желілік агентті тыныш режимде орнату параметрлері
MSI сипаты | Сипаттамасы | Қолжетімді мәндері |
---|---|---|
EULA | Лицензиялық келісімнің шарттарымен келісу |
|
DONT_USE_ANSWER_FILE | Жауап файлынан орнату параметрлерін оқу. |
|
INSTALLDIR | Желілік агентті орнату қалтасына апаратын жол. | Жол мәні. |
SERVERADDRESS | Басқару серверінің мекенжайы (міндетті параметр). | Жол мәні. |
SERVERPORT | Басқару серверіне қосылу портының нөмірі. | Сандық мән. |
SERVERSSLPORT | SSL протоколын пайдаланып Басқару серверіне қауіпсіз қосылуға арналған порт нөмірі. | Сандық мән. |
USESSL | SSL байланысын пайдалану керек пе. |
|
OPENUDPPORT | UDP портын ашу керек пе. |
|
UDPPORT | UDP портының нөмірі. | Сандық мән. |
USEPROXY | Прокси-серверді пайдалану керек пе. |
|
PROXYLOCATION (PROXYADDRESS:PROXYPORT)
| Прокси-сервер мекенжайы және прокси-серверге қосылуға арналған порт нөмірі. | Жол мәні. |
PROXYLOGIN | Прокси-серверге қосылуға арналған есептік жазба. | Жол мәні. |
PROXYPASSWORD | Прокси-серверге қосылуға арналған есептік жазбаның құпиясөзі (орнату пакеттерінің параметрлерінде артықшылықты есептік жазбалардың деректерін көрсетіңіз). | Жол мәні. |
GATEWAYMODE | Қосылым шлюзін пайдалану режимі. |
|
GATEWAYADDRESS | Қосылым шлюзі мекенжайы. | Жол мәні. |
CERTSELECTION | Сертификат алу тәсілі. |
|
CERTFILE | Сертификат файлының жолы. | Жол мәні. |
VMVDI | VDI үшін динамикалық режимді қосу керек пе. |
|
LAUNCHPROGRAM | Желілік агент қызметін орнатқаннан кейін іске қосу керек пе. |
|
NAGENTTAGS | Желілік агентке арналған тег (жауап файлында көрсетілген тегтен басым). | Жол мәні. |