Виртуалды машиналарды көшіруді қолдау

2024 ж. 29 наурыз

ID 92482

Виртуалды машинаны орнатылған Желілік агентімен бірге көшіру немесе оны орнатылған Желілік агентпен бірге үлгіден жасау – қатты дискінің кескінін түсіру және көшіру арқылы Желілік агенттерді орналастыруға тең келеді. Сондықтан, жалпы жағдайда, виртуалды машиналарды көшіру кезінде диск кескінін көшіру арқылы орналастыру сияқты әрекеттерді орындау қажет.

Алайда, төменде сипатталған екі жағдайда Желілік агент көшіру фактісін автоматты түрде анықтайды. Сондықтан, "Құрылғының қатты дискісін түсіру және көшіру" бөлімінде сипатталған күрделі әрекеттерді орындау міндетті емес:

  • Желілік агентті орнату кезінде VDI үшін динамикалық режимді қосу параметрі таңдалды: операциялық жүйені әрбір рет қайта іске қосқаннан кейін мұндай виртуалды машина, оны көшіру фактісіне қарамастан, жаңа құрылғы болып саналатын болады.
  • Келесі гипервизорлардың бірі қолданылады: VMware, HyperV немесе Xen: Желілік агент виртуалды машинаны көшіру фактісін виртуалды аппараттық жасақтаманың өзгерген идентификаторлар бойынша анықтайды.

Виртуалды аппараттық жасақтаманың өзгерістерін талдау мүлдем сенімді емес. Бұл әдісті кеңінен қолданбас бұрын, оның жұмысқа жарамдылығын ұйымда қолданылатын гипервизордың нұсқасы үшін аздаған виртуалды машиналарда алдын ала тексеріп алу керек.

Сондай-ақ, қараңыз:

Негізгі орнату сценарийі

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.