Желілік агенті бар құрылғылар үшін файлдық жүйені шегіндіруді қолдау

2024 ж. 7 ақпан

ID 92483

Kaspersky Security Center бағдарламасы таратылған бағдарлама болып саналады. Желілік агенті орнатылған құрылғылардың бірінде файлдық жүйені алдыңғы күйге шегіндіру деректерді синхрондамауға және Kaspersky Security Center дұрыс жұмыс істемеуіне әкеледі.

Файлдық жүйені (немесе оның бір бөлігін) алдыңғы күйге шегіндіру келесі жағдайларда болуы мүмкін:

  • қатты дискінің кескінін көшіру кезінде;
  • виртуалды инфрақұрылым арқылы виртуалды машинаның күйін қалпына келтіру кезінде;
  • сақтық көшірмеден немесе қалпына келтіру нүктесінен деректерді қалпына келтіру кезінде.

Kaspersky Security Center үшін, Желілік агенті орнатылған құрылғылардағы үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасы %ALLUSERSPROFILE%\Application Data\KasperskyLab\adminkit\ қалтасына әсер ететін сценарийлер ғана маңызды. Сондықтан, мүмкіндік болса, бұл қалтаны қалпына келтіру процедурасынан әрқашан алып тастап отыру керек.

Бірқатар ұйымдарда жұмыс регламенті құрылғылардың файлдық жүйесінің күйін шегіндіруді көздейтіндіктен, Kaspersky Security Center бағдарламасында, 10 Maintenance Release 1 нұсқасынан бастап (Басқару сервері мен Желілік агенттер нұсқасы 10 Maintenance Release 1 немесе одан жоғары болуы керек), Желілік агенті орнатылған құрылғыларда файлдық жүйенің шегіндірілуін анықтауды қолдау мүмкіндігі қосылды. Табылған жағдайда, мұндай құрылғылар деректерді толық тазалаумен және толық синхрондаумен бірге Басқару серверіне автоматты түрде қайта қосылады.

Kaspersky Security Center 14.2 нұсқасында файлдық жүйенің шегіндірілуін анықтауды қолдау әдепкі бойынша қосылады.

Кез келген мүмкіндік туындаған кезде, %ALLUSERSPROFILE%\Application Data\KasperskyLab\adminkit\ қалтасын Желілік агенті орнатылған құрылғыларға шегіндіруден аулақ болу керек, өйткені деректерді толық қайта синхрондау көп ресурстарды қажет етеді.

Басқару сервері орнатылған құрылғы үшін жүйенің күйін шегіндіруге жол берілмейді. Басқару сервері пайдаланатын дерекқордың алдыңғы күйіне шегіндіру де қолайсыз.

Сақтық көшірмеден Басқару серверінің күйін тек штаттық klbackup утилитасын пайдаланып қалпына келтіруге болады.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.