Exchange ActiveSync ұялы құрылғылар серверін қашықтан орнату

2024 ж. 29 наурыз

ID 92513

Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверін қашықтан орнатуды конфигурациялау үшін әкімші келесі әрекеттерді орындауы керек:

  1. Kaspersky Security Center Басқару консолі ағашында Қашықтан орнату қалтасын, оған салынған Орнату пакеттері қалтасын таңдау.
  2. Орнату пакеттері ішкі қалтасында Exchange ұялы құрылғылар серверінің плагині пакетінің сипаттарын ашыңыз.
  3. Параметрлер бөліміне өтіңіз.

    Бөлімде бағдарламаны жергілікті орнатумен бірдей параметрлер бар.

Қашықтан орнатуды конфигурациялағаннан кейін Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверін орнатуды бастауға болады.

Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверін орнату үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

  1. Kaspersky Security Center Басқару консолі ағашында Қашықтан орнату қалтасын, оған салынған Орнату пакеттері қалтасын таңдау.
  2. Орнату пакеттері ішкі қалтасынан Exchange ұялы құрылғылар серверінің плагині пакетін таңдаңыз.
  3. Пакеттің контекстік мәзірін ашып, Бағдарламаны орнату тармағын таңдаңыз.
  4. Қашықтан орнату шебері ашылғаннан кейін, бір құрылғыны (немесе кластер режимінде орнатқан кезде бірнеше құрылғыны) таңдаңыз.
  5. Бағдарламаның орнату шеберін көрсетілген есептік жазбаның атынан іске қосу өрісінде қашықтағы құрылғыда орнату процесі басталатын есептік жазбаны көрсетіңіз.

    Есептік жазба қажетті құқықтарға ие болуы тиіс.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.