Google Firebase Cloud Messaging қолдану

2024 ж. 7 ақпан

ID 92525

Android басқаратын KES құрылғыларының әкімші пәрмендеріне уақтылы жауап беруін қамтамасыз ету үшін, Басқару серверінің сипаттарында Google Firebase Cloud Messaging (бұдан әрі FCM) сервисін қолдануды қосу керек.

FCM қолдануды қосу үшін:

  1. Басқару консолінен Ұялы құрылғыларды басқару түйіні мен Ұялы құрылғылар торабын таңдаңыз.
  2. Ұялы құрылғылар қалтасының мәнмәтіндік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  3. Қалта сипаттары терезесінен Google Firebase Cloud Messaging параметрлері бөлімін таңдаңыз.
  4. Жіберушінің идентификаторы және Сервердің кілті өрістерінде FCM параметрлерін: SENDER_ID және API Key көрсетіңіз.

FCM сервисі келесі мекенжайлар ауқымында жұмыс істейді:

  • KES құрылғылары тарапынан 443 (HTTPS), 5228 (HTTPS), 5229 (HTTPS), 5230 (HTTPS) порттарына келесі мекенжайлардан қатынасу мүмкіндігі қажет:
    • google.com;
    • fcm.googleapis.com;
    • android.apis.google.com;
    • немесе "Google ASN 15169" тізіміндегі барлық ІР мекенжайларына.
  • Басқару сервері тарапынан 443-портқа (HTTPS) келесі мекенжайлардан қатынасу қажет:
    • fcm.googleapis.com;
    • немесе "Google ASN 15169" тізіміндегі барлық ІР мекенжайларына.

Басқару консолінде Басқару серверінің сипаттарында прокси-сервердің параметрлері (Қосымша / Интернет желісіне қатынасу параметрлері) көрсетілген болса, олар FCM-мен өзара әрекеттесу үшін пайдаланылатын болады.

FCM конфигурациялау: SENDER_ID, API Key алу

FCM-мен жұмысты конфигурациялау үшін әкімші келесі әрекеттерді орындауы керек:

  1. Google порталында тіркелу.
  2. Әзірлеушілер порталына өту.
  3. Create Project түймесі бойынша жаңа жобаны жасау, жобаның атауы мен жоба идентификаторын көрсету.
  4. Жобаның жасалуын күту.

    Жобаның бірінші бетінде, беттің жоғарғы жағында, Project Number өрісінде қажетті SENDER_ID көрсетілген.

  5. APIs & auth / APIs бөліміне өту, Google Firebase Cloud Messaging for Android қосу.
  6. APIs & auth / Credentials бөліміне өту және Create New Key түймесін басу.
  7. Сервердің кілті түймесін басыңыз.
  8. Бар болса, шектеулерді белгілеу, Create түймесін басу.
  9. Жаңа ғана жасалған кілттің сипаттарынан API Key алу (Сервердің кілті өрісі).

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.