Kaspersky Security Center Linux басқарылатын құрылғыларға арналған күйді, параметрлерді, тапсырмалар мен саясаттарды автоматты түрде синхрондағанына қарамастан, кейбір жағдайларда әкімші белгілі бір құрылғы үшін нақты уақытта синхрондау орындалып қойғанын нақты білуі қажет.
Басқарылатын құрылғының сипаттар терезесінде Мәжбүрлеп синхрондау түймесі бар. Kaspersky Security Center Linux синхрондау пәрменін жүргізген кезде, басқару сервері құрылғыға қосылуға әрекет жасайды. Егер бұл әрекет сәтті болса, мәжбүрлеп синхрондау орындалады. Әйтпесе, мәжбүрлеп синхрондау Желілік агент Сервермен байланыс орнатқаннан кейін ғана орындалады.